«Балаларды ерте дамыту институты» ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған ауқымды семинар-практикум ұйымдастырылды.
2023 жыл 8 маусым күні Атырау қаласы №39”Ақкөгершін” бөбекжай- бақшасында Республикалық «Балаларды ерте дамыту институты» ұйымдастыруымен 8-9 маусым аралығында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған ауқымды семинар-практикум ұйымдастырылды.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру» тақырыбындағы курста институт директорының орынбасары Ерманова Мария Наятовна бастаған педагог-мамандар, балабақша меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер семинарға қатысып, тәжірибе алмасты.
№39 “Ақкөгершін” бөбекжай-бақшамыздың педагогтары және №28 “Алмагүл”, №29 “Нұрсая” педагогтары заманауи ойындарынан кіріктірілген іс-әрекеттер көрсетті. Бірегей әдісті курс тыңдаушыларымен бірге тамашалай отырып, Мария Наятовна ойынның көптүрлілігіне, педагогтардың шығармашылығына ризашылығын білдірді. Әсіресе қолдан жасақталған дамытушы орталарымызға тәнті болып,сәтті туындылар екенін атап өтті. Курс тыңдаушылары үшін құнды, шығармашылыққа толы дәріс болды.
Жоғарғы деңгейде іс -тәжірибемен бөліскен үшін бөбекжай меңгерушісі Базарбаева Клара Муратовна, әдіскерлеріміз Капашева Айгуль Жакслыковна ,Машырыкова Дина Онайбаевна және де тәрбиешілеріміз Бектемирова Гульзада Куанышевна, Утегенова Бибигуль Ерсайыновна,Сабирова Гулбике Курамысовна, Орынғали Әселхан Амантайқызы, Орынбаева Набира Асетқалиқызы Республикалық “ Балаларды ерте дамыту институты” атынан “Құрмет грамотасымен” марапатталды!
Педагогтарымызды құттықтай отырып, шығармашылық табыс,сәттілік тілейміз!!!