23.04.2024ж
Хабарландыру
08.04.2024ж
Хабарландыру
Бос лауазымға конкурс жарияланады
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№39 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021ж. №432 бұйрығымен бос лауазым орынына конкурс жариялайды.
Конкурс төмендегідей лауазым бойынша өткізіледі.
Мектепке дейінгі тәрбиеші — 10
Музыка маманы-3
Орналасқан жері:
Атырау қаласы, Самал ықшамауданы,Ә.Есқалиев көшесі 16А
Байланыс телефоны: 8(778)9037651
8(7122)50-10-32
Электронды пошта: akkogershin-39@mail.ru
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.
Лауазымдық міндеттері: Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.
Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.
Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.
Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.
Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.
Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары немесе арнаулы орта педагогикалық мектепке дейінгі білім және мектепке дейінгі тәрбиеші бейіні. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссияға мынадай құжаттар ұсынуы тиіс:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервісінен алынған электронды құжат (идентификация үшін).
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен -жайы мен байланыс телефондары көрсетілген –бар болса).
4) Педагогтің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (санитарлық анықтама кітапшасы).
7) Психоневрологиялық және наркологиялық ұйымнан анықтама.
8)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты ( бұдан әрі –ҰБТ) немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжіибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
15.03.2024ж
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№ 39 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша бос/немесе уақытша бос лауазымға педагогтерді қабылдау КОНКУРСЫ НӘТИЖЕСІ:
Құрметті педагогтер!
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес педагогтердің бос лауазымдарына жарияланған хабарландыруына сәйкес келіп түскен құжаттарды сараптай келе, тізімі төменде берілген педагогтерді конкурс талаптарына сай деп танылып, жұмысқа қабылдануға ұсынылды.
1. Мақсотова Айгерім- тәрбиеші